Бас прокуратура 21 қыркүйекте митингіге шығатындарға үндеу жасады

/image/2019/09/20/crop-78_-5_517x690_10018662.jpg

Қазақстанның бас прокурорының бірінші орынбасары Берік Асылов қазақстандықтарға үндеу жасады.

Үндеу ҚР Бас Прокуратурасының сайтында жарияланған.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары Б.Н. Асылов үндеуінде: "Әлеуметтік желілерде тыйым салынған және сотпен экстремисттік деп танылған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» ұйыммен 2019 жылғы 21 қыркүйекте заңсыз наразылық акцияларын өткізуге және оған қатысуға шақыру таратылуда.

Деструктивті күштер әлеуметтік қолдау шаралары, мемлекетаралық қатынастар туралы жалған ақпарат тарата отырып, халықты адастырып тәртіпсіздіктерді, әлеуметтік және ұлттық араздықты тудыру арқылы қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіреді.
Мұндай әрекеттерге заңмен тыйым салынған, сондықтан құқық қорғау органдары заң бұзушыларға заңмен белгіленген тәртіпте ден қойып, қатаң шаралар қолданатын болады.", - деп айтты. 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи