Азаматтық қоғам. Ол не?

/image/2019/09/20/crop-85_4_389x519_unnamed-8.jpg

Жалпы азаматтық қоғам дегеніміз не? Біз оны қалай елестетеміз? Әрине,
сауалды кез келген адамға тікелей қойсаңыз, олар қапелімде жауап бере
алмауы мүмкін. Расында да бұл заңды нәрсе.
Азаматтық қоғам туралы айтқанда, біздің көз алдымызға не елестейді? Ең
алдымен біз осының анықтамасын бере алуымыз керек. Сіз оның нақты
анықтауышы жоқ деп жалпылама жауап беруіңіз кәдік. Десек те, жауапсыз
нәрсе жоқ.
Кез келген мемлекет өз азаматтарының еркін өмір сүруі мен
бостандығының қорғайды. Ата Заңда жазылғандай, мемлекеттің қайнар
көзі – халық. Ендеше азаматтық қоғам–біз бен сіз.
Тарихқа көз салсақ, адам баласы күні бүгінге дейін неше түрлі күрделі
кезеңді бастан кешкені байқалады. Бірақ әр заманның өз кезеңі, дамуы мен
реформасы бар. Бүгін де солай. Ал азаматтық қоғам терминін әркім өзінше
түсінеді. Бірақ біз азамат ретінде қоғамдағы болып жатқан оқиғалардан еш
қалыс қала алмаймыз. Ендеше, мәселе мынада: біздің қоғамдағы
белсенділігіміз қандай? Бұл сауалды қоюымыздың заңдылығы бар. Десек
те, азаматтық қоғамның негізгі белгілері қандай? Меніңше, оның өз
критерийлері бар. Атап айтсақ,


1. Қоғамдағы азаматтардың барлығының тең құқықты болуы;
2. Заңның үстемдік құруы;
3. Заңның әділеттілігі;
4. Құқық пен бостандықтың шынайылығы;
5. Биліктегі басқарушылық;
6. Заңдылық пен әділеттілікті сақтауда мемлекеттің халық алдындағы
жауапкершілігі.
Атап айтар болсақ, азаматтық қоғамның негізгі белгілері осылар. Бірақ осы
қоғамдағы сенің белсенділігің қаншалықты мықты? Бұл енді бөлек әңгіме.
Десек те, азаматтық қоғамның күрделі мемлекеттік құрылымы бар.
Ендеше олар қандай?
1. Саяси режим;
2. Демократиялық режим;
3. Демократияның белгілері;
Ал нақты сипаттама берер болсақ, демократияның қандай белгілері бар?
1. Билікті құруға және оны жүзеге асыруға халықтың қатысуы;
2. Саяси және идеологиялық плюрализм;
3. Демократиялық сайлау;
4. Жеке меншікке қол сұғылмаушылық;
5. Билікті бөлу;
6. Құқықтық мемлекет:

Жоғарыда аталған мемлекеттік құрылымның алты белгісі келіп, анығын
айтқанда азаматтық қоғамды құрайды.
Расында да кез келген Қазақстан азаматы елдегі болып жатқан оқиғаларға
өз пікірін білдіруге құқы бар. Бірақ бәрі заң аясында өтуі керек. Әрине,
Сонда ғана біздің азаматтық қоғамдағы белсенділігіміз анық көрінеді.
Көшеге шығып, байбалам алып, шектен шығу бұл демократияның белгісі
емес. Заңды құрметтеген адам ғана тәртіпті.
Ата Заңымызда бәрі де тайға таңба басқандай етіп жазылған. Демек біз
Конституциямызды қастерлей білуіміз керек. Заң аясында талап етіп,
белсенділігімізді көрсеткенде ғана азаматтық қоғам дамиды. Біз ең
алдымен осыны түсінуіміз қажет деп ойлаймын. Бұл бір. Екіншіден, жалпы
адам баласы жеке және қоғамдық мүдде бар. Рас жеке мүдде отбасылық
мақсаттарға ұласады. Қоғамда отбасың, бала-шағаң үшін өмір сүріп
жетістіктерге жету. Ал екіншісі –қоғамдық, мемлекеттік мүдде. Бұл ортақ
халықтық мақсатқа ұласатыны ақиқат. Мысалы, елімізде болып жатқан
саяси-экономикалық оқиғаларға көзқарасыңды білдіру, қозғалыс,
партиялар құру заң шығарушы билікке, парламентке келу. Сондықтан бұл
екі мүдденің қайсысы болса да, заңның аясынан шықпаса, сонда ғана
еліміздегі азаматтық қоғам дамып, зайырлы құқықтық-әлеуметтік қоғам
құра аламыз.

Оставить комментарий

Связанные Статьи