Ел экономикасының негізгі тірегінің бірі - құрылыс саласы екені белгілі. Ал бұл бағытта мемлекет тарапынан жасалып жатқан игі істер аз емес. Және түрлі мемлекеттік бағдарламалар осы бағытқа бағытталуда. Олардың қатарында Жамбыл облысының шоқтығы биік деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 2019 жылы жалпы көлемі 3 млрд 277,5 млн теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді, бұл 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 154,1%-ды құрады.
2019 жылы бюджет қаражаттары есебінен 1 млрд 134,9 млн теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда:
- Аса ауылындағы «Байтерек» массивіне инженерлік инфрақұрылымы және абаттандыру құрылысына аудандық бюджеттен 27,5 млн теңге бөлініп, есепті кезеңде 23,5 млн теңгесі игерілді;
- Түрксіб ауылынан 140 орындық мектеп құрылысы республикалық бюджеттен 500,0 млн теңге, облыстық бюджеттен 55,5 млн теңге бөлінді;
- Бірлесу-Еңбек ауылынан 140 орындық мектеп құрылысына облыстық бюджеттен 363,4 млн теңге бөлініп, есепті кезеңде толық игерілді;
- Айшабибі ауылының купка құрылысын салу үшін аудандық бюджеттен 7,3 млн теңге бөлініп, есепті кезеңде 6,2 млн теңгесі игерілді;
- Қаракемер ауылының купка құрылысын салу үшін аудандық бюджеттен 7,3 млн теңге бөлініп, есепті кееңде 6,2 млн теңгесі игерілді;
- Қарасу ауылының купка құрылысын салу үшін аудандық бюджеттен 7,2 млн теңге бөлініп, есепті кезеңде 6,3 млн теңгесі игерілді;
- Аса ауылы Абай көшесінен әмбебап залы бар спорт кешені құрылысына «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында республикалық бюджеттен 150,0 млн теңге, облыстық бюджеттен 16,7 млн теңге бөлінді.
Биыл негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемі 17 млрд 879,4 млн теңгені немесе 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 109,7%-ды құрады.
Жан басына шаққанда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 214 211 теңгені құрады және 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,4%-ға жетті.
Бөлшек сауда тауар айналымы 3 млрд 883,7 млн теңге немесе 130,2% болды. Сонымен қатар, көтерме сауда айналымының көлемі 8 млрд 512,9 млн теңгені немесе 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 82,8% болды.
Орташа айлық жалақы көлемі 128 658 теңгені немесе 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 113,1%-ды құрап отыр.
Оставить комментарий