Жамбыл облысында кітапханалардың жанынан цифрландырылған ақпараттық орталықтар ашу ісі белсенді жүруде. Бүгінгі таңда облыс көлемінде 112 орталық қызмет етуде. Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша ақпараттық орталықтың пайдаланушылар саны 85 662 адамға жеткен. 20 040 пайдаланушы Тараз қаласында орналасқан 5 орталықтқа жүгінсе, 65 622 адам ауыл кітапханаларындағы орталықтардың пайдаланушылары.
Жыл ішінде пайдаланушылардың түрлі бағыттағы 71 732 сұранысы интернет желісі арқылы қанағаттандырылған. 20 мыңнан аса сұраныс қала тұрғындарынан түссе, ауыл тұрғындарының 52 мыңға жуық сұранысын ауылдық кітапханалардағы цифрландырылған ақпараттық орталықтар қызметкерлері жан-жақты ақпаратпен қамтамасыз еткен.
Ақпараттық орталықтарда www.cao-zhambyl.kz сайты арқылы ауыл тұрғындарының күнделікті тұрмысына қажетті ақпараттар, egov.kz порталындағы бірнеше қызмет түрлерін алуға мүмкіндік жасалған. Бүгінгі күні орталықтарда 10 мыңнан аса анықтама беріліп, тікелей сайт арқылы 3000-нан астам сұраныс қанағаттандырылды.
Мысалы, egov.kz порталы арқылы осы уақытқа дейін 8 қызмет түрі көрсетілсе, бүгінгі таңда бұл қызмет аясы күннен-күнге кеңейтіліп, қызмет түрі 13-ге жетті. Берілген 10 649 анықтаманың 6054-і мекенжай анықтамасы болса, 1 337 зейнетақы қорынан анықтамалар, 1013 - сотталған немесе сотталмаған туралы анықтамалар берілген.
Бұл салада қызмет көрсетумен айналысатын қызметкерлердің біліктілігін аттыру мақсатында Т.Рысқұлов ауданында Байзақ, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Шу аудандарының кітапхана қызметкерлері, Жаңатас қаласында Жамбыл, Жуалы, Сарысу, Талас аудандарының кітапханашылары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Т.Рысқұлов аудандық бөлімінің HР менеджері А.Шапатаева және осы мекеменің Сарысу аудандық бөлімінің маманы А.Алибекованың «Цифрлы Казақстан: «eGov.kz» порталы арқылы көрсетілетін қызмет түрлері және оларды орындау тәсілдері» дәріснамаларын тыңдап, «mGgov», «Telegram-bot», «EgovKzBot» қосымшаларымен жұмыс жасау тәсілдерін практикалық жұмыс барысында пысықтады. Кластер 150-ден астам ауыл кітапханашыларын қамтыды.
Оставить комментарий