Алматыда халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың есіміне көше берілді

/image/2019/09/24/crop-30_15_410x547_img-20190920-wa0033.jpg

Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, Еңбек ері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орай Алматы қаласындағы Бостандық ауданында орналасқан көрікті көшелердің біріне абыздың есімі берілді. Салтанатты шараға Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қ.Жұмашев және жазушының жары Клара Жұмабайқызы мен туыстары қатысты. Алматы жұртшылығын айтулы қуанышпен құттықтаған шаһар басшысы бұл шараның өз шығармаларымен мәңгі жасайтын қазақтың кемеңгер жазушысына берілген баға екенін айтты.

Сондай-ақ, Алматыдағы Н.Назарбаев даңғылында орналасқан Ә.Кекілбаев тұрған 118-үйге мемориалдық тақта орнатылып, салтанатты жағдайда ашылды.

abish

abish

Оставить комментарий

Связанные Статьи