"Соңғы кезде үлкендермен қатар балалар мен жасөспірімдердің митингтерге қатысуы жиілеген. Балалар шаңқиған күннің немесе жауынның астында тұруға мәжбүр. Ата-аналар я түсінбейді я әдейілеп әрекеттері арқылы өз баласының құқығын бұзады" деп атап өтті ол.
Оның ойынша, рұқсат етілмеген митингтер мен акцияларда бұқаралық тәртіпсіздік, заң бұзушылық пен қылмыстық әрекеттер болуы әбдек кәдік. Бұл балалардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті. Ата заңдағы "Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға хақылы" деген 32-бапты балалардың қауіпсіздігі үшін өзгерттетін уақыт келді деген ойда сенатор.
Оставить комментарий