Құландық кәсіпкер қымыз өндірісін қолға алды

/image/2019/09/27/crop-15_10_418x743_qymyz.jpeg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласында қазақтың қадым заманнан бергі тұрмыс тіршілігінің жылқы малымен байланысты екені айтылады. Қамбар ата түлігін қолға үйреткен де қазақтар. Тіпті оның сүті сан түрлі дертке шипа болатындығын айтып, күнделікті қымыз ішу де қазақтың күнделікті дағдысына айналдырған. Осы орайда, Т.Рысқұлов ауданындағы Рахым Сәбденов ауылының тұрғыны Замира Елеусінова ата кәсіпті жалғастырып, қымыз өндірісін жолға қоюды мақсат етіп отыр, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Мың түрлі дертке ем қымызды кәсіп көзіне айналдырған Замира бұл іске білек сыбана кіріскен. Өткен жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан» 3 миллион теңге несие алған кәсіпкер оған 7 бас аналық жылқы сатып алған. Өз кәсібін өркендетуге шындап кіріскен ол «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында «Бастау» жобасының мүмкіндігін пайдаланып кәсіпкерлік негіздерін оқыған.

– Қазір жеке кәсіпті жолға қою екінің бірінің ойында жүргенімен оған тәуекел ететіндер аз. Біз де күйеуім Жанат екеуміз ұзақ уақыт ойға алған осы шаруаның тігісін жатқызуды ұзақ ойластырып ақыры ата кәсіп мал шаруашылығымен айналысуға бел будық. Оның ішінде Қамбар ата түлігін қамқорлыққа алып, оның қымызын өндіруді мақсат еттік. Бұл жоспарымызды еліміздегі тұрмысы төмен отбасылардың бизнеске жолын ашқан «Бастау» жобасы пайдамызға жарады. Бүгінде ойға алған көп шаруаны іске асыра алдық. Күйеуім жылқының күтіп-баптаумен айналысады,- дейді Замира Сатылғанқызы.

Осылайша қымыз өндірісін отбасылық кәсіп етуді құнттаған құландық кәсіпкердің шағын және орта бизнесті дамытуға мол мүмкіндік берген Президентке айтар алғысы шексіз.

–Әрине кәсіпкерлік қолдау бар жерде ғана қанатын кеңге жаяды. Сондықтан қазір еліміздің кез келген тұрғынының тұрмысын тіктеуде мемлекетке иек артып жеке кәсіпкер атана алатындығына көз жеткіздім. Бастысы ниет болса болды. Қымыз өндірісін қолға алған кәсіпкер ретінде алдағы уақытта бұл нарықта өзіндік бренд қалыптастыруды мақсат етіп отырмын, –деп ойын жалғады жеке кәсіпкер.

Оставить комментарий

Связанные Статьи