Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов инженерлік желілерді салу және аймақты абаттандыру туралы айтты, деп хабарлайды almaty.gov.kz сайты.
Мысалы, ауданда жалпы жаяу жүргінші аймағы 5,8 км болатын Достық даңғылы мен Әйтеке би көшесі жөнделуде.
Аудандағы 118 үйдің 52 ауласын абаттандыру бойынша жұмыстар жүруде. Келер жылы 18 аулаға күрделі, 30 аулаға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Тұрғын үйлерді модернизациялау аяқталды – 17 үйдің лифттері ауыстырылды, 17 үйге күрделі жөндеу жүргізілді, шатыры мен инженерлік желілері жаңарды.
Ұзындығы 2 км болатын Есентай өзенінің жағасын реконструкциялау мен абаттандыру аяқталып қалды. «Терісбұлақ» өзенінің жағалауы жөнделуде. Сұлусай ықшамауданының жолдарына күрделі жөндеу жүргізілуде.
Бұлардан өзге, Думан ықшамауданында жалпы ұзындығы 45 км болатын сумен қамтитын және су бөлетін инженерлік желілер тартылуда. Ұзындығы 5,8 км болатын 12 көшеге су желілері тартылуда, 2,5 км құбырлар жүргізілді.
Оставить комментарий