Тоқаев Мамин мен Назарбаеваны қабылдады

/image/2019/09/30/crop-80_60_480x640_112123058800.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Мамин мен парламент сенатының төрағасы Дариға Назарбаеваны қабылдады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі  akorda.kz сайтына сілтеме жасап. 

Премьер-Министр Асқар Мамин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті мәселелері, шетелдік инвестицияларды тарту барысы, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын іске асыру, өңірлерді дамыту жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Сондай-ақ Асқар Мамин Президентке 2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау жобасы жайында да ақпарат берді. Мемлекет басшысы Премьер-Министрге қазан айының ортасында өтетін экономикалық даму мәселелеріне арналған Үкіметтің кеңейтілген отырысына дайындық жұмыстарын бастауды тапсырды.

Сенат Төрағасы Президентке Парламенттің жоғары палатасы жұмысының жай-жапсары мен заң шығару қызметінің жоспары туралы айтты. Президент Жолдаудың негізгі бағыттарын сапалы заңнамамен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Оставить комментарий

Связанные Статьи