Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары кезінде Түркістан қаласындағы медиаорталықтың құрылыс алаңында болды.
Бұл – Алматының еліміздің рухани астанасына жасаған сыйлығы. Айта кетерлігі, ол қаланың жаңа әкімшілік-іскерлік орталығындағы құрылысы аяқталған алғашқы нысандардың біріне айналмақ. Медиаорталық астаналық «Қазмедиа орталығы» ТРК-дан кейін жаңадан салынған екінші нысан.
Қазіргі кезде Қазақстанның қалған барлық медиаорталықтары жабдықталған ғимараттарда орналасқан. Медиаорталық ғимараты шынымен толық әрленген. Оның жалпы көлемі – 3000 шаршы метрден астам. Мұнда облыстың барлық телеарналарының, газет пен радионың редакциялары орналасады. Өңірге түркітілдес елдердің ірі БАҚ өкілдерін шақыру жоспарланған.
Жобаның жалпы құны – 4,8 млрд тг. Оның үстіне, тек құрал-жабдықтар құнының өзі 2 млрд тг. құрайды.
Құрылыс-монтаж жұмыстары 2019 жылдың ақпан айында басталған еді. Құрылыстың аяқталуы – 2019 жылдың қазан айы. Барлық қажетті жабдықтарды толығымен орналастыру шешуші кезең болып табылады.
Оставить комментарий