Толық ақпарат тергеу амалдарына байланысты берілмей отыр.
Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнзұров "қызметтік бабын асыра пайдаланып, аса ірі көлемде алаяқтық жасаған" деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі басшысының бірінші орынбасары Олжас Бектеновтың айтуынша, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Тергеуші прокуратураға күдіктіні үй қамаққа алу туралы талап арыз жолдаған.
Оставить комментарий