Қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, соққы салдарынан ауыр жарақат алған бала бүгін таңертең сағат 8-дің шамасында көз жұмды.
Бүлдіршіннің өлімін қалалық полиция департаментіндегілер де растады.
«Қазіргі уақытта қылмыстық іс ҚР ҚК «Кісі өлтіру» бабына өзгертілді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілу үшін полиция департаментінің тергеу басқармасына жіберілді», - дейді полиция департаментіндегілер.
Қазіргі таңда күдікті тұтқындалды. Өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторында отыр.
Оставить комментарий