Алматы тұрғындары басқаларға қарағанда ең көп табады. Орташа есеппен әр алматылық айына 234,9 мың теңге еңбекақы алады екен. Бұл жөнінде Finprom.kz сайты хабарлайды.
Статистика комитетінің хабарлауынша, астаналықтардың орташа табысы 226,7 мың теңге. Бұл – былтырғы көрсеткіштен 6,2 пайызға жоғары. Үштікті айына орташа есеппен 199,7 мың теңге табыс табатын қарағандылықтар түйіндеп тұр. Бестікке Маңғыстау облысы (198,4 мың) мен ШҚО (191,7 мың) кіреді.
Ең төменгі табыс Түркістан (100,4 мың тг), Жамбыл (128,1 мың теңге) және Қызылорда (137,7 тыс. тенге) облыстарында тіркелген.
Оставить комментарий