"73 мың теңге" : Көп балалалы аналардың жәрдемақысы өсті

/image/2019/10/07/dgardemaqy.jpg

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов көпбалалы отбасының барлығына бірдей табыс көлеміне қарамастан 42 500 теңгеден беруді ұсынды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі

Үкімет отырысында министр Қазақстанда балалардың 60 пайызы көпбалалы отбасы мүшесі екенін атап өтті.  Сондай-ақ "Осыған байланысты көпбалалы отбасылар құрамынан атаулы әлеуметтік көмек алатындарды шығарып, оларға табыс көлеміне қарамастан қолдау көрсетуді ұсынамыз. Бұл көпбалалы аналардың беделін арттырып, материалдық жағдайын жақсартады", - деді Нұрымбетов. Оның мәлімдемесіне зер салсақ, көпбалалы  отбасылардың жәрдемақы көлемі сараланады. Төрт баласы бар отбасы айына 42 500 теңге, бес баласы бар отбасы айына 53 125 теңге, алты баласы бар отбасы айына 63 750 теңге алады. Ал бала саны көбейген сайын жәрдемақы да көбейіп, ең жоғарғы төлем – 73 370 теңге болады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи