Чехия билігі іздеу салынған қазақстандықты экстрадициялады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Алматы прокуратурасының қызметкерлері Алматыдағы экономикалық тергеулер департаментінің қызметкерлерімен бірге оны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Чехиядан Сергей Иконниковты ұстап берді.
«Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «ұлттық компаниясы» АҚ-ның тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бөлімінің бұрынғы басшысы Сергей Иконников өзіне сеніп тапсырылған мүлікті жымқырды деп айыпталуда. 2017 жылдың наурызынан бастап Иконников халықаралық іздеуде болды. Чехияның Әділет министрлігі сотталушыны Қазақстан Республикасына экстрадациялау туралы өтінішті орындады" , - деп жазылған Алматы прокуратурасының хабарламасында.
Келтірілген шығын мөлшері 20 миллион теңгеден асады.
Оставить комментарий