Кәсіпкерлердің құқықтары қатаң сақталады

/image/2019/10/10/crop-2_13_267x474_86786f269a7d8de2963c4c027a2046a4_2.jpg

«Атамекен» ұлттық кәсіпкер палатасы облыстық филиалының кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімі жеке ісін жүргізуде заңгерлік кеңеске жүгінуге мәжбүр болған жамбылдық бизнес өкілдерінің талап-тілектеріне құлақ түріп келеді. Жыл басынан бері бөлімге түскен 225 арыз-шағымның 48-і оң шешімін тапқан, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жалпы аталған бөлімнен бөлек кәсіпкерлердің құқығын қорғауда кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққақар кеңестің көмегіне жүгінушілер де табылады.Ал білікті мамандар жәбірленушілердің құпия шағымдарына құлақ түріп, олардың арыз-шағымдарын тексеретін бөлімге ағымдағы жылдың 8 айында 225 арыз-шағым түскен.

–Мұндағы 48 арыз-шағым иесі өз дегеніне жетіп, істер жәбірленушілердің пайдасына шешілген. Кәсіпкерлікке кедергі келтіргісі келген 16 тұлғаға тәртіптік жаза қолданылды. Атап айтқанда мектептердегі ыстық тамақты ұйымдастыруға жауапты кәсіпкерлердің әрекетіне араласқан 8 білім беру мекемесінің қызметкері тиісті жазасын алды. Сондай-ақ қызметтік мансабын пайдаланып бизнес өкілдерінің құқығын таптағысы келген 3 жол сақшысына әрекетіне шектеу қойылды.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкер палатасы облыстық филиалының кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөліміне түскен арызды тексеруде заңға қайшы әрекет еткені дәлелденіп, тәртіптік жазаға тартылғандардың қатарында құрылыс, мемлекеттік сатып алу, жер қатыныстары саласының жауапты мамандары бар. Есепті кезеңде кәсіпкерлерден түскен арыз-шағым бойынша құқық қорғау органдарымен көтерілген 19 іс сотқа жетіп, ондағы 11 іс кәсіпкерлердің пайдасына шешілді, –дейді облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Ирина Ким.

Директордың орынбасары палата жанындағы құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінен бөлек кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққақар кеңесіне де жергілікті бизнес қауымдастықтың сенімі нығая түскенін жасырмады. Жыл басынан бері 7 мәрте бас қосқан кеңес мүшелері саладағы өзекті 11 мәселені көтеріп, олардың жетеуінің кәсіпкерлердің мүддесіне шешілуіне бастама көтерген.

Оставить комментарий

Связанные Статьи