Тибор Колея, Microsoft Қазақстан бас менеджері 2019 жылы 24-25 қазанда Нұр-Сұлтанда өтетін Digital Bridge халықаралық технологиялық форумында эксперт ретінде қатысады. Microsoft өкілі "Орталық Азиядағы корпоративтік инновациялар" панельдік пікірталасқа қатысады және ірі корпорациялардың жұмысына инновацияларды енгізу тәжірибесі, сондай-ақ стартап жобалар туралы айтып береді. Форум ұйымдастырушылары хабарлағандай, аталған пікірталасқа "АХҚО Әкімшілігі" АҚ Цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры Әсел Жантасова және Plug and Play Tech Center вице-президенті Собхан Кхани қатысады.
Форумға қатысып, талқылауларға қосылуға, сарапшыларға өз сұрақтарын қоям деушілерге форум сайтында тегін тіркелуге болады: http://digitalbridge.kz
Digital Bridge форумының негізгі мақсаты – сандық даму саласындағы инновациялық шешімдер мен тәжірибе алмасу үшін диалог алаңын ұйымдастыру. Форум алаңындағы басты іс-шара Next Tech Entrepreneur Forum секциясы болады, оның шеңберінде форумға қатысушылар үшін түрлі тақырыптарда ашық талқылаулар ұйымдастырылады: болашақтың білімі, венчурлік қаржыландыру, бизнес-инкубациялау және т.б. қатысушылар арасында B2B кездесулер ұйымдастырылады.
Форум күндері дәстүрлі түрде жыл сайынғы Astana Hub Awards сыйлығы өтеді, ол Қазақстанның ІТ-индустриясын дамытуға қосқан үлесі үшін беріледі, сондай-ақ Astana Hub Battle-технологиялық стартаптар арасындағы жарыстар.
Astana Hub Battle жарысының басты мақсаты – үздік технологиялық стартап-жобаларды анықтау және оларды жобаларды дамыту үшін ақшалай сыйлықтармен марапаттау. Astana Hub Battle жүлде қоры – 30,000 доллар, бірінші орын – 15,000, екінші орын – 10,000, үшінші орын – 5,000 доллар.
Astana Hub Awards сыйлығын марапаттау рәсімі 2019 жылы 25 қазанда Қазақстан астанасында өтеді. Сыйлықтың басты мақсаты – стартаптардың табысты кәсіпкерлік бастамаларын ынталандыру, инновацияларды дамытуға және қолдау инфрақұрылымын нығайтуға жәрдемдесу, сондай-ақ Қазақстанда IT-кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету.
Оставить комментарий