Алматы облысында жер сілкінді

/image/2019/10/17/crop--3_2_525x898_dger-silkindi-almaty-oblysy.jpg

Бүгін таңда Алматы қаласынан 157 шақырым жерде жер сілкінісі болды, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ" ММ сейсмологиялық станциялар желісі 17 қазанда Алматы уақытымен 6:30-да сезілмеген жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматының шығысындағы 157 шақырым жерде, Алматы облысы Кеген ауданының аймағында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8.5", – делінген ведомствоның ресми хабарламасында.

Алматы облысы ТЖ департаменті мәлімдеуінше жер сілкінісінің магнитудасы - 3.9, тереңдігі - 15 шақырым. Сілкініс адамдарға сезілмеген.   Тиісті аймақтағы жағдайды бақылау үшін жергілікті атқарушы органдар, ТЖБ, ПД, прокуратура мен басқа да ұйымдарға хабарлады. Бұзылған ғимараттар мен қаза тапқандар туралы хабарлама келмеді.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи