Шу ауданының тұрғыны 56 келіден астам марихуанамен ұсталды

/image/2019/10/17/crop-61_2_534x712_whatsapp-image-2019-10-14-at-10.00.36.jpeg

Ағымдағы жылдың 11 қазанында «Көкнар-2019» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде Шу ауданы Бесқатын учаскесінің құмды аймағында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жаңа-жол ауылының 40 жастағы тұрғынын ұстады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің дерегін негізге алып.

Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Каннабистік топтағы есірткіні дайындаумен және шығарумен айналысатын адамдарды анықтауға және ұстауға бағытталған «Көкнар-2019» жедел алдын алу іс-шаралары құрамында есірткі бар өсімдіктердің жетілу кезеңінде жоғары белсенділікпен жүргізіледі.

Алдын алу шаралары барысында тәртіп сақшылары тек жеке дайындаушыларды ғана емес, сонымен қатар қылмыстық топтарды анықтайды.

Осы бағыттағы алдын алу жұмыстары жалғасуда.

Оставить комментарий

Связанные Статьи