Дональд Трамп бір аптада 129 жалған мәлімет айтқан

/image/2019/10/17/crop-218_13_778x1037_snimok-ekrana-2019-10-17-v-10.45.33.png

АҚШ президенті Дональд Трамп күніне 18 жалған мәлімдеме жасаған. Бұл туралы  CNN жазды.

АҚШ-тың CNN телеканалының журналистері шілде айынан бері Дональд Трамптың жасаған мәлімделерінің дұрыстығы мен жалғандығын толықтай тексеріп бастаған.

Президент жалған мәлімдеменің көбін твиттердегі оқырмандарына, журналисттерге, түрлі ұйымдағы белсенділермен кездесу барысында айтатын болып шықты.

CNN мәліметінше, бұл Дональд Трамп үшін рекорд емес. Президент болған  828 күнде ол 10 111 жалған мәлімет айтқаны хабарланған болатын.

Соңғы екі аптада ол ақпарат таратушылар туралы  28, Украина президенті Владимир Зеленскиймен болған әңгіме туралы 24, әскери сала туралы 24 жалған ақпарат айтқан. Әлеуметтік консеварторлар саммитінде 24 жалған  мақұлдау және Fox News-қа берген сұхбатында 10 жалған дерек берген.

 

 

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи