Семей қаласы әкімдігінде ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Бекқызының, комиссия төрағаларының, облыстық басқарма басшылары, мемлекеттік мекеме өкілдерінің қатысуымен облыстық отырыс өтті.
Отырыс барысында асырап алған отбасында тәрбиеленіп жатқан балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шаралар, мектеп асханаларын жаңғырту, "Жастар жылына" арналған іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы мәселелер қаралды.
Өскеменде мектеп асханаларын жаңғырту жобасы қарқынды жүзеге асырылуда. Конкурсты жеңіп алған кәсіпкерлер өз есебінен мектеп асханаларын жаңғырту және жөндеу жұмыстарын жүргізген. Ал, білім басқармасы өз тарапынан олардың қызметтерін тұтынуға кепілдік береді. Он жылға дейін одан әрі ұзарту құқығымен жеті жылдық жалға беру мерзімін ұсынады.
МЖӘ инвестжобасы үшін конкурстық құжаттаманы ШҚО МЖӘ өңірлік орталығы әзірледі. Асханаларды жаңғырту үшін жөндеу жұмыстары мен қажетті жабдықтардың тізбесін мектеп директорлары ұсынды, ал мәзірді әзірлеу үшін технолог-мамандар жұмысқа тартылды. Аз қамтылған отбасы балаларына тегін ыстық тамақ беру құны бүгінгі күні 309 теңгені, қалған оқушылар үшін – 350 теңгені құрайды.
Бүгінгі таңда ШҚО-да 655 мектеп жұмыс істейді. Оның ішінде 48-і Өскемен қаласында. МЖӘ жобасына Өскемен қаласының 44 мектебі қатысқан. ШҚО білім басқармасы салалық және экономикалық сараптамадан өткен конкурстық құжаттаманың 44 пакетін әзірледі. Конкурс қорытындысы бойынша 35 мектеп асханасы бойынша Өскеменнен 14 жеке серіктес және Павлодардан 1 серіктес анықталып, олармен МЖӘ шарттары жасалды.
Білім басқармасының мамандары Өскемен қаласының мектеп асханаларында жаңғырту жүргізілгеннен кейін жағдай айтарлықтай өзгергенін атап өтті: жаңа жабдықтар сатып алынып, жөндеу жүргізіліп, асханалар эстетикалық түрге келтіріліп, тамақтану сапасы жақсарды.
Жалпы, мектеп асханаларын жаңғырту жөніндегі инвестжоба бүгінде өзінің өзектілігін дәлелдеп тұр.
Егер мемлекет тарапынан барлық материалдық-техникалық базаны жаңарту қажет болса, онда инвестицияның жалпы көлемі 900 миллионды құрайтын еді. Осы жобаның арқасында барлық салымдар жекеше серіктес есебінен жүзеге асырылуда.
Келесі жылы Семейдің 44 мектебінде мектеп асханаларын жаңғырту жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Кездесу кезінде "Жастар жылында" атқарылған шаралар да сөз болды.
Мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты- жастардың толыққанды білім алуына мүмкіндік жасау. Мәлімет бойынша, облыс бойынша 264 990 жас бар. Жастардың 182 мыңға жуығы жұмыс жасауға қауқарлы, оның 175 мыңы жұмыс жасайтындар. 6,9мың жас жұмыссыздар деп көрсетілген. Облыс бойынша 20 Жастар ресурстық орталығы бар. Жастарға қолдау көрсететін ол 8 ЖОО мен 82 колледж. Әрқайсысында арнайы комитеттер жұмыс жасайды. Сондай-ақ "Серпін" бағдарламасының студенттері де белсенділік танытады. ЖОО бітірген студенттер жұмыс табу үшін басқарма арқылы ауданда әр оқу орындарының күндері өткізіледі. Нәтижесінде өздерін көрсетіп, түйіндемелерін жіберуге мүмкіндік алады. Ал, техникалық білім алатын студенттерді жұмыспен қамтамасыз ету үшін "Қайратты жастар" шарасы өтеді. Осылайша, студенттер зауыттардың ішкі тыныс тіршілігімен таныса алады. Жыл сайын "Студенттік көктем" сайысы, бос орындар жәрмеңкесі, түрлі тренингтер мен сайыстар өткізіледі. "Zhas project" жобасының 80 % жұмыс жасап тұр. Облыс бойынша "Jasa" жобасы бойынша 57 жоба үздік деп танылған. "Жас кәсіпкер" жобасы бойынша 1300 жасқа мүмкіндік беріліп, 2 кезеңнен өткен 330 жас 505 мың теңгеден грант иегерлері атанып отыр.
Оставить комментарий