Жуалыда мектептер толықтай компьютерлендірілген

/image/2019/10/17/crop-11_13_436x774_10-14.jpg

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының төртінші «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» бөлімінде әлеуметтік саладағы басым бағыттарға, соның ішінде білім берудің сапасына баса мән беру қажеттілігі айтылады. Бұл ретте, Жамбыл облысында аталған саланы дамыту бойынша кешенді шаралар атқарылуда. Оның ішінде, Жуалы ауданында білім беру ісінде ілгерілеушілік анық аңғарылып отыр.

Аудан әкімдігінің білім бөліміне қарасты 72 білім беру, мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру және мектептен тыс білім беру ұйымы қызмет етеді. Соның ішінде 39-ы жалпы орта білім беретін мектеп, 26-сы мемлекеттік балабақша, бір шағын орталық, төртеуі мектептен тыс мекеме және бір психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті және бесеуі жеке меншік балабақша.

– Жаңа оқу жылында 39 мектепте 11 244 бала білім алуда. Білім беру мекемелерін оңтайландыру мақсатында жаңа оқу жылы қарсаңында бөлімге қарасты Төңкеріс бастауыш мектебі жабылды. Аудан мектептерінде 1 752 мұғалім жұмыс атқаруда, оның 1665 жоғары білімді, 87-сінің білімі – арнаулы орта.

Жалпы білім беретін 39 мектептің барлығы компьютендірілген және телефон байланысы орнатылған. Мұндағы компьютерлер саны 1 795 дананы құрайды, яғни тоғыз оқушыға бір компьютерден келді. Интернет желісіне қосылған, оның ішінде кең арналы интернет желісіне қосылғаны – 40 мектеп. 23 мектептің кітапханасы Интернет желісіне қосылған.

Аудан мектептерінде барлығы 95 интерактивті тақта бар. Арнайы жабдықталған пән кабинеттері саны – 70, одан бөлек, 30 лингафонды-мультимедиалық кабинет, үш мектептің базасында IT-сыныптар ашылды. Жалпы оқыту кабинеті – 737, ондағы мұғалімдерге арналған компьютерлер саны 696, – дейді аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Мәжит Айжанов.

Сонымен қатар, білім сапасы мен мазмұнын арттыру мақсатында мектеп оқушыларын жаңа буынды оқулықтармен қамтамасыз ету бойынша жұмыс қарқынды жүріп жатыр екен. Ағымдағы оқу жылы «Ауданның мемлекеттік білім беру мекемелері үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізу» бағдарламасына аудандық бюджеттен 183 233,0 мың теңге қаржы қарастырылып, 2019-2020 оқу жылына аудандағы 4,9,10 сынып оқушыларына оқулықтар және МАДТ тәрбиеленушілері мен 8, 9 сыныптардың оқушыларына үштілділік бойынша оқу-әдістемелік кешендерге 11 баспамен шарттар жасалған. Оқулықтар жаңа оқу жылы басталғанға дейін ауданға толығымен жеткізіліп, оқушыларымыз сапалы оқулықтармен қамтамасыз етіліпті.

Оставить комментарий

Связанные Статьи