Рухани келісім күнінде

/image/2019/10/18/crop-37_58_337x599_17-10-19-re4.jpg

17 қазанда Д. А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында Рухани келісім күніне арналған салтанатты шара өтті, деп жазады almaty.gov.kz.

«ҚР терроризм мен экстремизм проблемаларын зерттеу орталығы» ҚҚ ұйымдастырған шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, дін саласының сарапшылары, діни, этномәдени, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен мүшелері, жастар, соның ішінде «Діни бірлестіктер жетекшілері клубының» жетекшісі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Кәкімжан Бишманов, Алматы орталық мешітінің бас имамы Еркінбек Шохаев, Алматы православиелік рухани семинариясының оқытушысы Виталий Быструшкин, Рим–Католик шіркеуінің Пресвятой Троицасы епархия куриясының канцлері Лаос Карлос, Алматыдағы Кришна санасының Халықаралыққоғамының төрағасы Виктор Голоус, Алматыдағы «Өмір көзі» Христиан Евангелдік Пятидесятничная шіркеуінің" бас пасторы Виталий Пак, Алматы Орталық шіркеуінің аға пасторы Александр Хан және басқалар қатысты.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров кездесуге қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде олардың көмек пен қолдауға мұқтаж жандарға қамқорлық танытып, отандастарымызды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу ісіне қосқан үлестерін атап өтті.

Шара конфессияаралық қатынасты нығайтуға, қоғамда рухани келісім мен төзімділікті дамытуға бағытталды.

Мысалы, Алматыда діни бірлестіктер көшбасшыларының диалог алаңына айналған Клуб жұмыс істейді, мұнда түрлі дін өкілдері еркін пікір алмасып, діни және қоғамдық мәселелерді талқылайды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи