Шағын қала шырайлана түсуде

/image/2019/10/19/crop-11_42_244x434_1524478925_2b2a9689.jpg

Елбасы Н.Назарбаевтың тәуелсіз елімізді қалыптастыру мен дамытудағы еңбегі ұшан-теңіз. Тұңғыш Президент экономикада көптеген бетбұрыстар жасап, реформалық бағдарламаларды жүзеге асырды. Мұның бәрі халықтың әлеуметтік жағдайының оңалуы үшін қолға алынған үлкен шаруалармен астасып жатыр.

Солардың бірі кезінде өндірісі қарқын алып, тәуелсіздіктің алғашқы қиын шағында тоқырауды бастан кешірген шағын қалалардың қайта еңсе тіктеуіне үлкен жанашырлықпен қарайласқаны жан қуантады. Мәселен, бір ғана «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында Жамбыл облысындағы Жаңатас қаласында көптеген әрі нәтижелі жұмыстар атқарылды.

«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес компаниясы – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы аталған бағдарлама бойынша моноқалалар тұрғындарын жұмыспен қамтудың тиімді құрылымын құру үшін, экономиканы әртараптандыру, шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында республикалық бюжеттен қыруар қаражат бөлінді.

Бағдарлама аясында Жаңатас қаласы бойынша 9 бюджеттік инвестициялық жоба анықталып, 2012 жылы 82,9 миллион теңге бөлінсе, келесі жылы бұдан көп қаржы қарастырылды. Яғни 2013 жылы Жаңатас қаласын көріктендіріп, суландыру, ішкі кварталдардың жылу жүйесін қайта жаңғырту, кәсіпкерліктің өрісін ашуға арналған несие беру, бұзылған көпқабатты тұрғын үйлердің орнын тазалау бағытында 660,6 миллион теңге бөлініп, біраз жұмыс атқарылды. Жалпы, бағдарлама Жаңатас қаласында жүзеге асқан 2012-2015 жылдары аралығында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін барлығы 2 миллиард 151,8 миллион теңге бөлінді.

Бұл, әрине атқарылған жұмыстардың бір парасы ғана. Қазіргі таңда кеншілер шаһары күннен күнге көркейіп, жылдан жылға жасарып келеді. Өзінің жарты ғасырлық белесінде құлпыру, құлдырау, қайта өрлеу сынды кезеңдерді бастан өткерген шағын қаланың болашағы жарқын, келешегі кемел. Қазіргі таңда мемлекеттік бағдарламалардың арқасында кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейіп, әлеуметтің әлеуеті артуда. Жаңа жұмыс орындары көбейіп, жұртшылықтың да ертеңге деген сенімі нығая түсуде.

Оставить комментарий

Связанные Статьи