Ана мен бала өліміне жол бермеудің арнайы жол картасы жасалды

/image/2019/10/21/crop-11_7_580x871_ana-men-bala.jpg

Денсаулық сақтау саласындағы негізгі көрсеткішке ықпал ететін басты фактор ана мен нәресте өлім-жітімін төмендету болып табылады. Әрі бұл жайында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында айтылады. Президент пәрмен берген бұл шаралардың өз деңгейінде ұйымдастыра білу денсаулық сақтау саласын басқарудағы өзекті мәселе саналады. Жамбыл облысында ана мен нәресте өлімнің алдын-алу, болдырмау шаралары, арнайы жол картасына сай жүргізіліп келеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Аталған жол картасындағы іс-шаралар бойынша Жамбыл облыстық перинаталдық орталығында оқу клиникалық орталығы ашылды. Орталықта жыл басынан бері 211 маман оқытылды. Сондай-ақ Жамбыл жоғары медициналық колледжінің симмуляциялық орталығында 212 медицина қызметкері өз білімі мен білігін жетілдірілді. Ал облыстық перинаталдық орталығының базасына жалпы құны 169,4 миллион теңге болатын 9 медициналық құрал - жабдық сатып алынды. Осы құрал-жабдықтың көмегімен туа біткен ақауларды ерте анықтауда 57 пайыздық көрсеткішке қол жеткізілді. Босандыру бөлімдерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 413,8 миллион теңге қарастырылып, 18 медициналық құрал-жабдық сатып алынды.

–Бүгінде басқарма тарапынан бұл жұмыстарда оң нәтижеге қол жеткізу үшін жүкті және босанған әйелдердің денсаулығына тұрақты мониторинг жүргізіледі. Денсаулық сақтау ұйымдарында апта сайын диспетчерлік сағат өткізіледі. Жүкті және фертильді жастағы әйелдер тізіміне нақтылау жұмыстары жүргізілуде. «Кардиохирургия және трансплантология ғылыми клиникалық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен ультра дыбықтық зерттеу құрылғысының мамандарына «Жүрек туа біткен ақауларды ерте анықтау» бойынша оқытулар, шеберлік сыныптар да ұдайы ұйымдастырылып тұрады, –дейді облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов.

Басқарма басшысының айтуынша өңірде ана мен бала өлімін азайтудың ұзақ мерзімді жоспарына сай бірер жылдың көлемінде облыстық балалар ауруханасында кураторлық қызмет ұйымдастырылып, оқыту-әдістемелік орталығын ашу қолға алынбақ. Сонымен қатар жүктілік кезінде туа біткен ахауларды ерте анықтау мақсатында облыстық перинаталдық орталығында ультра дыбыстық зерттеу орталығын ашу жоспарлануда. УЗИ дәрігерлерінің «Туа біткен ақауды ерте анықтау» бойынша біліктілігін жетілдіру мәселесі де күн тәртібінен түскен емес.

Оставить комментарий

Связанные Статьи