Жамбылда жастарды еңбекке ынталандырған экскурция өтті

/image/2019/10/21/crop-17_15_697x1239_113714103600.jpg

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл политехникалық жоғары колледжі, Құлан ауылшаруашылық колледжі, Қордай ауылшаруашылық колледжі, №9 Мерке колледжі және №3 Байзақ колледжі студенттеріне Т.Рысқұлов ауданы Жарлысу ауылында орналасқан «Шәушен» шаруа қожалығына экскурсия ұйымдастырды.

Шараның мақсаты -Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамын құру аясында өндіруші еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсібін насихаттау және жұмысшы әулетіндегі көп жылдық дәстүрді нығайту болып табылады.

Айта кету керек, «Шәушен» шаруа қожалығының басшысы 2018 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек Ері атағын иеленген белгілі кәсіпкер Сайрамбай Әліқұлұлы Дөненбаев. Ия, ердің атын еңбек шығарады деген. Жеке кәсіпкер бүгінде өз ауылының құрметті азаматы, туған өлкесіне 150 млн теңгеге мектеп-интернат, 92 орындық балабақша салып, халық игілігіне берген болатын. Сондай-ақ 20 шопанның отбасы үшін жекешелендіру құқығымен 10 тұрғын үй салып берген. Кәсіпкер әлеуметтік көмек үшін жылына 50 млн қаражат бөліп, халықтың тұрмыс жағдайларының жақсаруына көмек көрсетеді. Ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып, олардың әл-ауқатының жақсаруына ықпал етуде. Шаруа қожалығы басшысының айтуынша, 2014 жылы қымыз өндіру үшін өз қаражаттарына құны 250 млн. теңге тұратын жылқы фермасы жобасын іске қосқан. Бүгінгі таңда мұнда әр биеден 9 литрге дейін саумал сауылады. Қожалық қоймасында 16 мың литр қымыз сақтаулы.

-2019 жыл -Жастар жылы деп жарияланғанына орай жастарды жұмыспен қамту мәселесі елімізде басты назарда екені белгілі. Бүгінгі таңда республикамызда экономиканы қайта құру жолында оның негізі болып табылатын кәсіпкерлік қатынастарды дамытып, жастарды жұмыспен қамту өзекті мәселелердің бірі. Кәсіптік білім жастарымыздың мамандық таңдауы үшін қажетті өрісті қамтамасыз етуге, ал ересек тұрғындар үшін олардың жаңа жоспарлы іспен айналысуына, кәсіби шеберлігін жетілдіруіне бейімделген. Қазіргі жастардың кәсіптік білімге деген қызығушылықтарының арта бастағанын байқаймыз. Бәсекеге қабілетті және кәсіби шеберлігі жоғары мамандар даярлап, келешекте өз кәсіпкерліктерін ашуға бағыт беру мақсатында «Ел ертеңі - Білімді жастар» деп жастарды «Шәушен» шаруа қожалығының тыныс тіршілігі, өрелі істерімен танысып, ой түйіп қатты,-дейді Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің кәсіптік оқыту жұмыстары жөніндегі орынбасары Тұрлыхан Оразбаев.

Оставить комментарий

Связанные Статьи