Ресейдің Астрахань облысы Краснояр ауданы Алша поселкесінде тұрған этникалық қазақ Тәнзилә Бисембеева 125 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Ол 2016 жылдан планетадағы ең қарт әйел адам ретінде ресми танылған болатын, деп жазады rg.ru сайты.
Марқұмды соңғы сапарға аттандыруға келгендердің арасында Краснояр ауданының басшысы Нұрғали Байтеміров те болған.
Тәнзилә Бисембеева 1896 жылы патшалық Ресей заманында туып, революцияны, Ұлы Отан соғысын, режимнің, саяси көсемдердің ауысуын, КСРО-ның құлауын, екінші мыңжылдықтың келуін көрген.
Оставить комментарий