Желіде Шымкент қаласындағы кафелердің бірінде болған атыстың видеосы жарияланды – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды, Instagram желісіндегі Shymkent online парақшасына сілтеме жасап.
Видеодан Арғынбеков көшесіндегі кафеде болған атыс түсірілгенін байқайсыз. Сондай-ақ видео кадрларынан ғимараттың терезелері сынғанын және жерде белгісіз бір адамның жатқанын аңғарасыз.
Еске салсақ, адвокат А.Күдербековтің айтуынша, Арғынбеков көшесіндегі 9/7 «Сүндет» кафесінің жанында белгісіз адамдар арасында атыс болған. Бір адам оқиға орнында қайтыс болды (1991 ж. Б.К.) және төрт адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды.
Оставить комментарий