Қазақстанның келесі Президенті – «Ресейдің тыңшысы» бола ма?

/uploads/thumbnail/20170708190307200_small.jpg

Жақында Abai.kz ақпараттық порталында «Бізге кезекті Президент етіп кімді тағайындайды?» атты мақала жарық көрді(http://abai.kz/post/view?id=4065). Бір қызығы - аталмыш мақала ҚР Президентінің кезекті еңбек демалысына шығуымен тұспа-тұс жарық көріп отырғандығы.

 

Мақала  авторы Данияр Наурыз бұрын ешбір жерде есімі аталмаған – Нұрлан Ермекбаев деген фигураны – ҚР Президенттігіне Ресей тағайындайды деп көрсетеді. Сөйтсек, Ермекбаевымыз – Ресейдің үш бірдей барлау агенттігінде қызмет еткен, ФСБ-КГБ-ГРУ-дің әккі тыңшысы көрінеді. Бірнеше мемлекеттерде елшілік қызметте болып,  КСРО Генштабының атышулы офицері де болған-мыс. Автордың айтуынша, Ермекбаев - Қытай мен Ресей үшін ең ымырашыл, айтқанын істеп, айдағына жүретін басшы болмақ көрінеді. Қытайда бірнеше жыл елші болған, Ресейдің арнаулы тыңшысы. Екі мемлекетке де тиімді кадр деп жазады автор.

Сондай-ақ, мақалада «Жаңа Президенттен» кейін ҚР Премьер-министрлігіне үміткер ретінде  Бақытжан Сағынтаевтың аты аталады.

Данияр Наурыздың айтуынша, Кәрім Мәсімов мың жерден тыраштанғанымен Президент бола алмайды. Себебі – ұйғырдың баласы. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев – тым  ынжық. Тасмағамбетов – шуылдақ, даушыл. Батыстың жігіттері – қызбақанды, солтүстік пен шығыстағылар Ресейге ұнамайтындықтан, кандидат бола алмайды деп жазады. Сонда қалғаны – оңтүстіктен шыққан саудагерлер дейді.  

Ең таңғаларлығы, мұндай сыбыс Елбасының кезекті еңбек демалысына шығуымен тұспа-тұс келіп отыр. Мақаланы оқып отырып, Мемлекет басшысының демалыста жүргенін пайдаланып, ірі саяси топтар Қазақстанда ауыс-түйіс (мемлекеттік төңкеріс, референдум т.б. ) жасауға әрекеттенуде ме деген ойға қаласыз.

Рас. Елді ширек ғасырға жуық басқарып келген Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы туралы қазақстандық басылымдар біраздан бері жазып келеді. Тіпті, биылғы кезектен тыс Президент сайлауын Елбасының саяси сахнадағы соңғы мерзімі деп те топшылайтындар жоқ емес.

Соған қарағанда Қазақ билігінде қандайда бір саяси ауыс-түйістің салқыны сезіле бастағандай. Бірақ, Елбасы биліктен бас тартарын ашып айтқан жоқ.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи