Путиннің тақта отырып, Ресейді құлдыратқаны керек

    Darkhan Muqantegi
    Путиннің тақта отырып, Ресейді құлдыратқаны керек

    "Путин дегенің оңбаған адам. Орыс халқына обал" деген мағынада көлгірситіндерге қайранмын. Путинді қолдап, "Қырым біздікі" деп айқайлап жүрген Ресейдің 86% халқы орыс емей шүршіт пе? Ресейде 143 млн. жұрт болса, оның 86% қанша млн. екенін есептей беріңіз. "Қалған 14% обал" десеңіздер әңгіме басқа. 
    Мораль: 14% ешқашан 86%-ды жеңе алмайды. Ресей ыдырауы керек. Әлемге, соның ішінде қазаққа тыныштық керек. Тіліміз сақталып, тірі жүргеніміз керек. Осы керектің жолында жұмыс істегеніміз керек. Бастысы аяқтан шалмағандарыңыз керек.
    Моральдің моралі: Путиннің көбірек тақта отырып, Ресейді құлдыратқаны керек.
    Моральдің моралінің моралі: Путинді неге жақсы көретінімді түсінген боларсыздар.

    Айдос Жұқанұлы, facebook

    Қатысты Мақалалар