Мұрат Әбенов: «Серпін-2050» жобасына биыл 6200 грант бөлінді (2 Жауап)

/uploads/thumbnail/20170708190255458_small.jpg

Гүлім:

-Бұл жоба бойынша «Болашақпен» шет елге оқу толықтыру қарастырылған ба? Негізі қандай мамандықтар бойынша көп грант бөлінген?

- «Серпін-2050»  жобасын «Болашақ» бағдарламасының бірінші кезеңі деп қабылдау керек. Өйткені,  «Болашақ»  бойынша  бакалавриат  жоқ. Біз болашақ үшін жақсы мамандар даярлаймыз.   «Серпін-2050»  жобасымен оқығандар «Болашақпен» оқуға мүмкіндігі бар.  Ал, мамандықтарға келсек,   жалпы ЖОО-лар үшін бөлінген 5 мың гранттың 3 мыңы техникалық, 1500-і  педагогикалық, 300 ауылшаруашылығы, 200-і ветеринария саласына  бөлінген.  ЖОО-лар үшін  жалпы саны 62 мамандық,  колледждер үшін 47 мамандық жобаға кіріп отыр. Кәсіптік-техникалық оқу орындары үшін бөлінген  гранттар саны 1200. Осы мамандықтарды игеріп шыққан кез келген азамат кейін «Болашақпен»  білім жалғастыруына болады.

Қазақ 86:

- Сіз Білім және ғылым министірнің орынбасары қызметін атқардыңыз. Бұрынғы министр Жұмағұлов жеке меншік унвиерситеттерді қысқартып, стандартқа сай еместерін жаба бастаған болатын, ал қазіргі министр ұлттық университеттерді жартылай жеке меншікке, яғни акционерлік қоғам ретінде қалдырып жатыр. Сізше осы қаншалықты дұрыс?

- Менің ойымша,  талапқа  сәйкес келмеген университеттерді жабу  керек.  Ол  мейілі жекеменшік болсын,  мейілі мемлекеттік болсын. Талапқа  сай келмесе, оларды ұстап отырудың қажеті жоқ. Өйткені, сапасыз маман даярлау ел экономикасына зиян келтіретін іс. Өз басым, жоғары оқу  орындарының бәсекеелстікке қабілетті,  тиімді басқару әдістерімен жұмыс  жүргізгенін   қолдаймын. Ал, бәсекелестік  нәтижесінде  сапалы дүниелер жасауға  болады.  Өкінішке орай,  кейбір  мемлекеттік жоғары оқу  орындарында масылдық басым.  Қаржыны мемлектетен алады,  материалдық-техникалық базаны мемлекеттің есебінен жаңартады,  барлық шығын мемлекеттің  мойынында.  Бірақ, соған  сәйкес  нәтиже көре алмай  отырмыз.  Жекеменшік оқу  орындары  тиімді әрі ізденіспен қызмет атқаруға мәжбүр. Нәтижесінде  сапалы кадр даярлауға көшуге  тиіс олар. Дегенмен,  бірден барлық оқу  орындарын жекеменшік қылудың мүмкіндігі жоқ шығар. Бұл мәселе бірте-бірте  реттелетіні сөзсіз.

Айдын:

- Білім саласындағы жемеңқорлықтар туралы не айтасыз? Қазыргі күні магистратура, докторантура гранттарының базарға айналып кеткенін білесіз бе? Білім беру саласындағы ұзақ жылдық тәжирбеңізге сай жемқорлықтың алдын алу кілті қайда деп ойлайсыз?

- Егер нақты   деректер болса айтыңыз,  өз тарапымнан жемқорлықпен күресуге барымды саламын.  «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс төрағасының  орынбасары ретінде   сыбайлас жемқорлықпен күресу  маңызды қоғамдық  жұмыстарымыздың  бірі. Алайда,  нақты  деректер болуы керек.  Өкінішке қарай, бізде деректерден  көрі қауесет көп кездеседі. Дегенмен,  жемқорлықтың кез келген салаға дендеп еніп алғанын мойындаймыз бәріміз. Оған қарсы күрес жалпыұлттық сипатқа айналмаса, нәтиже шығару қиын. Сол себепті, білім саласындағы сыбайлас жемқорлық мәселесіне алаңдағаныңыз үшін алғыс  білдіремін.

Айман:  

- Бағдарламада жасқа шектеу бар ма? Мен отыздағы жаспын. Отыз жасты жас деп есептемейді біздің елде. Бірақ білім алудан әлі де үмітім бар.

- Елімізде азаматтардың білім алуы үшін  заңнамалық тұрғыда шектеу жоқ.

Айша: 

- Сұрайын деп едік, ол бағдарламаға орыстілділер қатыса ма?

-ҰБТ мен кешенді тестлеуді қазақ тілінде тапсырған болса, талапкердің қай тілде білім беретін мектепте оқығаны маңызды емес.

Алуа:

- Бағдарлама бойынша сол аймақтан жұмыс, баспана тауып бере ала ма?

- Осындай мазмұндағы сауалға  сөз басында толығырақ жауап бердім деп ойлаймын.

Азамат:

- Ассалаумағалейкөм, ага мен колледж бітіргенмін. Енді жоғары білім алғым келеді. Бағдарламаға катыса аламын ба? Ол үшін кешенді тест тапсырыла ма?

- Ия, қатыса аласыз, егер Маңғыстау, Қызылорда,  Оңтүстік Қазақстан,  Жамбыл,  Алматы облысының тұрғыны болсаңыз және КТ (кешенді тестілеу) тапсырған жағдайда жоғарғы оқу орнына грантқа түсу мүмкіндігі бар.  www.serpin-2050.kz сайтында «Мамандықтар» бөліміне кірсеңіз, сонда  ЖОО және колледждерге 2015 жылға бөлінген мамандықтар және гранттар саны көрсетілген.

 Самал:

- Құжаттарды интернет арқылы тапсырып, мамандық туралы, бағдарламаға катысатын оку орны туралы акпарат алу жағы ойластырылған ба?

-Самал,  www.serpin-2050.kz сайттында «Мамандықтар» бөліміне кірсеңіз, сонда ЖОО және колледждерге 2015 жылға бөлінген мамандықтар және гранттар саны көрсетілген. Қазіргі кезде жобаға интерент ресурстар арқылы құжат тапсыру қарастырылмаған. Ескерте кетейін, «Серпін» жобасына  тек Маңғыстау, Қызылорда,  Оңтүстік Қазақстан,  Жамбыл,  Алматы облыстарының жастары қатыса алады. Сол облыстарда арнайы штабтар, қабылдау  комиссиялары жұмыс істеуде. Колледждер мен университеттерге  құжат қабылдау сол жергілікті жерлерде  жүргізіледі.  Толық мағлұматтар сайтта бар.

 Айжан:

-Сіз атап көрсеткен бағдарламада кандай мамандықтар камтылған?

-Айжан, www.serpin-2050.kz  сайтында  «Мамандықтар»  бөліміне кірсеңіз, сонда  ЖОО және колледждерге 2015 жылға бөлінген мамандықтар және гранттар саны көрсетілген. Ескерте кететін жайт, «Серпін» жобасына  тек Маңғыстау, Қызылорда,  Оңтүстік Қазақстан,  Жамбыл,  Алматы облыстарының жастары қатыса алады. «Серпін-2050»  жобасына  биыл 6200 грант бөлінді. Олардың  5 мыңы жоғары оқу  орындары үшін, 1200-і колледждер үшін  қарастырылған. Жобада   техникалық мамандықтарға  басымдық берілгендігін атап өткен жөн. 5000 жоғары білім грантының  3000-ы техникалық мамандықтарға  бөлінген. Сол 3 мың  гранттың 2900-ге жуығы физика пәнін  төртінші пән ретінде таңдаған түлектерге  бұйырайын деп тұр. Яғни, ҰБТ мен кешенді тестлеу кезінде  талапкерлер таңдайтын 7 пәннің ішінде «Серпін-2050»  жобасы  бойынша  физика пәні  көш бастап тұр.  Мәселен,  физика  пәнін таңдаған  жастар үшін 34 мамандық ұсынылып отыр. Олардың 27-сі техникалық, 6-ауы білім беру,  1-еуі ауылшаруашылығы саласына арналған. Бұл мамандықтар  бөлінген грант саны жоғары оқу  орындары үшін қарастырылған гранттардың 70 пайызын құрайды. Одан кейнігі  орында биология пәні тұр. Бұл пәнді таңдаған жастар 15 мамандықтың біріне ие  болуы мүмкін.  Олардың ішінде 6 мамандық білім  беру саласының, 6 мамандық ауылшаруашылығы, 2 мамандық   ветеринария, 1 мамандық техника саласынан бөлінген.  Үшінші орында химия пәні тұр. Бұл пән бойынша 6 мамандық  қарастырылған.  Олардың 5-еуі техникалық,  біреуі  білім беру саласының мамандығы. Міне,  мұның өзі мамандық таңдауда мейілінше мұқият болуға мәжбүрлейді.  Тестлеу кезінде таңдалатын 7 пәннің  ішінде  қазақ әдебиеті,   дүниежүзілік тарих, география,  шет тілі сынды пәндер бойынша бөлінген  мамандықтар көп емес. Шет тілі үшін 1 ғана мамандық қарастырылса,  қалған  үш пән бойынша әрқайсысы 2 мамандықтан  көзделген.

Гүлсім:

- Сәлеметсіздер ме? Менің әке-шешем былтыр шет тілдері Университетіне ақылы бөлімге тапсыртқан еді. Бір жылымды аяқтадым. Енді үш сұрағым бар еді: 1. Сіздерде шет тілі мамандықтары бар ма? 2. Бітірген курсымды ары қарай жалғастыра аламын ба? 3. Әлде барлығын басынан бастап тапсырып, басқа талпыныс жасау қажет пе?

-Гүлсім, курсты одан ары қарай жалғастыру жобада қарастырылмаған, бірақ сіз КТ (кешенді тестілеу) тапсырған жағдайда жоғарғы оқу орнына грантқа түсу мүмкіндігі бар. Шет тіл мамандығы бар. www.serpin-2050.kz сайттында «Мамандықтар» бөліміне кірсеңіз, сонда ЖОО және колледждерге 2015 жылға бөлінген мамандықтар және гранттар саны көрсетілген. Ескерте кететін жайт, «Серпін» жобасына  тек Маңғыстау, Қызылорда,  Оңтүстік Қазақстан,  Жамбыл,  Алматы облыстарының жастары қатыса алады.

Тұрдыбек Құрметхан:

- Мемлекеттік грант конкурсына қатысқанда мемлкеттік тіл қазақ тілінің бағасы алынып тасталмасын, Магистратура мен докторантураға түсуге үміткерлер алдымен қазақ тілінен емтихан тапсырсын деген ұсыныстарды алға қойып білім және ғылым минисріне ашық хат жазған едім (http://qamshy.kz/home/show/223). Қоғам қайраткері ретінде ол ұсыныстарға не дейсіз? Мемлекеттік тілдің 5- пән ретінде саналып жалпы нәтижеден алынып тасталуы Қазақ елінің азаматы ретінде сіздің де намысыңызға тиетін шығар?

-Тұрдыбек Құрметхан, иә, тілді  дамыту мәселелесіне келгенде атқарар жұмыстар бар. Бұл ұсынысыңызға мемлекетшілдік жағынан қарастырар болсақ, әрине жан-жақты саралап салиқалы шешім шығару керек. Болашақта көрсетілген мәселе өз шешімін табады деген сенімдемін. Мен сізге «Көш жүре түзеледі» - дегенді айтқым келеді.

Темірбек:

- Аға, ассалаумағалейкөм. Бұрын университет бітіргендер жобаға қатыса ала ма? ата-анамның арманымен түскен оқуымды бітіріп едім. Енді өз арманымдағы мамандықты игергім келеді.

-Темірбек, егер сіз университетте ақылы түрде білім алсаңыз онда «Серпін» жобасы бойынша колледж немесе КТ (кешенді тестілеу) тапсырған жағдайда жоғарғы оқу орнына грантқа түсу мүмкіндігі бар. Бұл жоба аясында сол өңірде жұмысқа тұру мүмкіндігі бар. www.serpin-2050.kz сайттында «Мамандықтар» бөліміне кірсеңіз, сонда ЖОО және колледждерге 2015 жылға бөлінген мамандықтар және гранттар саны көрсетілген. Ескерту, «Серпін» жобасына  тек Маңғыстау, Қызылорда,  Оңтүстік Қазақстан,  Жамбыл,  Алматы облыстарының жастары қатыса алады.

Жомарт:

-Аға, магистратура Серпін бағдарламасында бар ма?

-Бүгінгі күнге жоба аясында магистратура бойынша білім алу қарастырылмаған. Жоғарыда айтқанымдай,  отандық  ЖОО- лар мен «Болашақ» арқылы шетелдерде  білімін жалғастыруға болады.

Әлжан:

-  Мамандықтардың тізімін көрсетесіздер ме? Бұрын неге бұл бағдарлама туралы ашық айтылмаған?

-Бағдарлама жайлы  толық  ақпаратты www.serpin-2050.kz сайтынан көрсеңіз болады. Сол сайтта «Мамандықтар» бөліміне кірсеңіз сонда ЖОО және колледждерге 2015 жылға бөлінген мамандықтар және гранттар саны көрсетілген. «Серпін» жобасына  тек Маңғыстау, Қызылорда,  Оңтүстік Қазақстан,  Жамбыл,  Алматы облыстарының жастары қатыса алады.

Әсел:

- Тамаша бағдарлама екен. Мен биылға ғана университет бітірдім. Жұмыс таба алмай жүрмін. Тек қана оқуға түсу емес, жастарды жұмыспен қамту бағдарламасы да қажет секілді. Мен шынымды айтсам, еліміздің кез келген жеріне барып жұмыс жасауға дайынмын.

-Әсел, егер сіз университетте ақылы түрде білім алсаңыз онда «Серпін» жобасы бойынша колледж немесе КТ (кешенді тестілеу) тапсырған жағдайда жоғарғы оқу орнына грантқа түсу мүмкіндігі бар. Бұл жоба аясында сол өңірде жұмысқа тұру мүмкіндігі бар. Ал, тікелей қазіргі сіздің жағдайыңызда жұмыс тауып беру, өкінішке орай біздің жоба бойынша қарастырылмаған.  Бірақ, «Серпін»  жобасы аясында  ішкі  миграцияны,  кадрлық әлеуметімізді  тиімді ұйымдастыру мақсатында  болашақта еңбек  биржасын ұйымдастыруды көздеп отырмыз. Бұл оқу  бітірген, бірақ лайықты жұмыс таба алмай жүрген азаматтарды  жұмыс күшіне  сұраныс  басым өңірлерге тартып, лайықты жұмыс тауып беру үшін жасалады.  Сондықтан, үміт үзбеңіз.  

Омар:

-  Солтүстік аймақта оқуды бітіріп, сосын өз ауылыңа барып жұмыс жасауға бола ма? Мен ауылымда жок мамандык иесі болғым келеді. Мысалы біздің ауылда физика мұғалімі жок. Сол мамандыкка тғсіп, шалғайдағы оз ауылыма оралсам деп ойлаймын. Алде оқыған жерде калу керек пе?

-Жоба арқылы арнаулы орта білім немесе жоғары білім туралы диплом алған мамандарға ел аумағының кез-келген аймағында қызмет істеуіне шектеулер жоқ. Оқыған  жерде қалуға мәжбүрлемейді.  Дегенмен,  осы  жобаға  жастарды  жіберуші  аймақ ретінде қатысып жатқан  5 облыста  кадр тапшылығы бар дегенге  күмәнданамын.  Сіз ауылыңызды атамапсыз.  Егер ауылыңызда атаған бослаңыз,  ол мектепте не себепті  физика пәнінің  мұғалімі жоқ екнедігін анықтауға  болар еді.  Бәлкім,  жүктеме аз болуы мүмкін.  Тағы басқа  себептері де  болуы  ықтимал.   Өз  облысыңызда  жұмыс істеймін десеңіз, «Серпін»  жобасына қатыспай-ақ,  жергілікті оқу  орындарында   оқығаныңыз дүрыс.  Себебі, жобаға қатысып,  кері оралу арқылы  «Серпін» жобасымен   теріскейге,  шығысқа  баруға бел буған жастардың бірінің жолын кескен боласыз. Бір білім  грантын тиімсіз  қыласыз. Сондықтан,  өз ауылыңызда қалғыңыз келсе «Серпінге»  қатыспағаныңыз жөн.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар