Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмектер тізімін қысқартпақ. Яғни бұған дейін ақысыз және жеңілдікпен беріліп келген капсула, жақпа, көзге тамызатын тамшылар, инъекцияға арналған ерітінділер сынды 10 шақты дәрі-дәрмек түрі ақылы болады.
Ашық "Нормативтік құқықтық актілер" порталында өлім-жітім мен өмір сүру ұзақтығына әсер етпейтін 32 нозология алынып тасталмақ.
Ал өлім-жітім мен өмір сүру ұзақтығына әсер ететін басқа созылмалы ауруы бар пациенттерді амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамту көрсеткіші ұлғаяды.
Пікір қалдыру