Эко саласының ізашары: Салтанат Байқошқарованың туған күні

/uploads/thumbnail/20250206122350896_big.webp

Елімізде  алғаш рет жасанды ұрпақ өрбіту 1995 жылы қолға алынып, 1996 жылы дүниеге қыз бала келген болатын. Содан бері Қазақстанда мемлекеттік, мемлекеттік емес 7-8 орталық ашылды.  Мұнда ақылы түрде әрі ақысыз (квота) түрінде емделуге болады.  Ал осындай қаншама шаңырақтың қуанышына себеп болып, еліміздегі ең игі істі бастаған жан Салтанат Байқошқарова.

Салтанат Байқошқарова "Пробиркадан" шыққан баланың тұңғыш қазақстандық авторы және Қазақстандағы репродуктологияның негізін қалаушы. Репродуктология және эмбриология саласындағы танымал көшбасшы маман. Сондай-ақ ол 1995 жылдың сәуірінде Бекмусаев Қазақстандағы алғашқы "Экомед" ЭКО орталығын тіркеп, өз қаражатына Мәскеуден құрал-жабдықтарды алып келді.

30 жылдан астам жұмыс тәжірибесі ішінде 25 000-нан астам ЭКО-ны сәтті өткізді. Оның кәсіби қатысуымен және оның басшылығымен Қазақстанда ғана емес, әлемнің 37 түрлі елінде 30 мыңға жуық  бала дүниеге келді.

Еске салсақ, «Qamshy.kz» ақпарат агенттігі 2017 жылы «Алашорда – 100 жыл» жалпыхалықтық шарасын өткізген еді. Соған сай ғасырлық мерейтойды атап өтуге арналған «Қамшының» қорытынды іс-шарасы «Алаш арыстарының 100 ізбасарын» анықтау үшін Elek.kz сауалнамалар сайтында мемлекетке айрықша қызмет етіп жатқан тұлғаларға халық дауыс берді. Дауыс берушілер тек дауыс берумен шектелмей Алашқа қызмет етіп жүрген тұлғаларды өздері де қосу мүмкіндігіне ие болды. 20 мыңнан астам адам қатысқан сауалнама нәтижесі бойынша Салтанат Байқошқарова «Қамшы» порталы жариялаған «Алаш арыстарының 100 ізбасарының» тізіміне кірді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар