Биыл Еуразиялық одақ аясында ортақ валюта бола ма?

/uploads/thumbnail/20250206123350026_big.webp

Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай валютасын құру мәселесі күн тәртібінде жоқ.

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) және Ресей мен Беларусьтің Одақтық мемлекеті үшін бірыңғай валюта енгізу мәселесі қазір қарастырылып жатқан жоқ. Бұл туралы Ресейдің экономикалық даму вице-министрі Дмитрий Вольвач мәлімдеді.

Соңғы 3 жылда ұлттық валюталарды пайдалану тәжірибесін күшейттік, бұл өсіп келе жатқан тауар айналымына жақсы. Бұл ЕАЭО-ға да, Беларусьқа да қатысты жағдай. Біз есеп айырысудың жаңа, сенімді, қорғалған әрі үздіксіз жұмыс істейтін тетіктерін жасадық. Өзара операцияларды көбейтіп, барлық ұлттық валюталарды біздің валюталық биржаға қостық, – деп түсіндірді Вольвач.

Оның айтуынша, жаңа немесе бірыңғай валюта енгізуге сұраныс жоқ, өйткені тауар айналымын ұлттық валюталар тиімді қамтамасыз етіп отыр. 

Қазіргі таңда ЕАЭО ішіндегі есеп айырысудың 90%-дан астамы, ал Одақтық мемлекет аясындағы есеп айырысулардың 95%-дан астамы ұлттық валюталарда жүргізіледі.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар