Владимир Зеленский Украинада бейбітшілік орнатудың жалғыз мүмкіндігі осы болса Ресей президенті Владимир Путинмен тікелей келіссөзге дайын екенін айтты.
Бұл туралы ол британдық журналист Пирс Морганға берген сұхбатында мәлімдеді.
«Егер бұл бейбітшілікке жетудің жалғыз жолы болса, мен дайынмын. Егер халық біз дипломатиялық жолға көшуіміз керек деп санаса, онда біз Путинмен сөйлесуге дайын боламыз», – деді Зеленский.
Еске сала кетейік, 2022 жылдың күзінде Зеленский арнайы жарлыққа қол қойып, Украина өкілдеріне, оның ішінде өзіне де, Путинмен келіссөздер жүргізуге тыйым салған болатын.
Әзірге Зеленский аталған жарлықты жоюға қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.
Пікір қалдыру