2025 жылғы қаңтарда айлық мәндегі инфляция деңгейі 1,1% құрады (2024 жылғы желтоқсанда - 0,9%). Азық-түлік тауарларының бағасы 1,4%, ақылы қызметтер – 1,1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 0,6% өсті.
Жылдық инфляция мәні 8,9% болды. Оның ішінде ақылы қызметтер бағасы 13,8%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 8,4%, азық-түлік тауарларының бағасы 5,8% өсті.
Азық-түлік тауарларынан баға картопқа – 16,4%, қырыққабатқа – 8,8%, сарымсаққа – 6,4%, қиярға – 5,4%, жүзімге – 4,1%, тәтті бұрышқа– 3,9%, қызанаққа – 3,5%, сары майға – 4,1%, күнбағыс майына – 3,9%, тұздалған майшабаққа 3,4% өсті. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына – 1,5%, апельсинге – 0,8%, күрішке 0,6% байқалды.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында төлемақы домофонға – 4,1%, тұрғын үйді күтіп ұстауға – 2,5%, орталықтан жылыту тарифтеріне – 2,2%, ыстық суға – 1,7%, электр энергиясына 1% өсті. Сәлемдемелерді жөнелту бойынша қызметтер – 17,7%, автосақтандыру мен нотариус қызметтері 6,5%-дан қымбаттады.
Қаңтарда тұрмыстық бұйымдар бағасы 3,9% өсті, автомобильдер – 2,4%, тоқыма бұйымдар мен ыдыс-аяққа баға өсімі 0,8%-дан байқалды.
Өңірлер ішінде ең жоғары айлық инфляция Атырау облысында – 2,2% (орташа республикалық деңгейден 1,1 п.т. жоғары), ең төмені Алматы қаласы мен Түркістан облысында – 0,7%-дан тіркелді.
Өңірлер бөлінісінде азық-түлік тауарлары бойынша ең жоғары өсім Жамбыл облысында – 2,1%, азық-түлік емес тауарлар бойынша Батыс Қазақстан облысында – 1,5%, ақылы қызметтер бойынша Атырау облысында 5,5% өсті.
2025 жылғы қаңтарда жылдық мәнде инфляция деңгейі 8,9% құрады. Ақылы қызметтер бағасы – 13,8%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 8,4%, азық-түлік тауарларының бағасы 5,8% жоғарылады.
2024 жылғы қаңтармен салыстырғанда суық суға тарифтер – 43,2%, су бұруға – 26,1%, орталықтан жылытуға – 23,1%, ыстық суға – 21,3%, электр энергиясына – 18,9%, қоқыс шығаруға 10,3% жоғарылады. Ұялы байланыс қызметтері – 27%, теміржол жолаушылар көлігі – 18,6%, сәлемдемелер жіберу – 17,7%, медициналық зертханалар мен диагностикалық зерттеулер қызметі 17,4% қымбаттады.
Ноутбук бағасы – 66,2%, ас үй пеші – 55,9%, планшет 45,9% өсті. Бағаның өсуі корвалолға – 30,7%, канефронға – 27,9%, ацикловирге 18% байқалды. Картоп – 59,3%, пияз – 25,1%, зәйтүн майы – 21,7%, сарымсақ, тәтті бұрыш 15,4%-дан қымбаттады. Керісінше, қарақұмық жармасы жылдық мәнде – 21,6%, лимон – 6,9%, жүзім – 4,6%, сәбіз 5,3% арзандады.
Пікір қалдыру