Қазақ тілінде күннің бұзылуын «амал» деп айтпайды

/image/2024/03/26/crop-3_0_160x285_images-1.jpg

Тіл жанашыры Еркін Омардың https://qamshy.kz/article/73306-shala-qazaqtar-qalay-soyleydi материалының жалғасы. 

Осылардың ішінен бірнешеуіне толығырақ тоқтала кетсек. 1. Мысалы баспасөз беттері арқылы тарауының да, бірнеше жолы бар. Бірінші жолы басылып шығып жатқан еңбектердің арасында шала қазақ тілінде
жазылған дүниелердің көбейіп кетуі. Шала қазақтардың «әдеби» тілдерінде жазылған мына мақала соның бір мысалы. Тақырыбы: Дәлу есік қағып тұр.
Байырғы жұлдызшылар қаңтарды Дәлу деп атапты. Сөздікті сүзіп шыққанымызда тұрақсыз, жалған деген ұғымға саятынын аңғардық. Демек, қаңтар тұрақсыз амалы көп ай болса керек. Ай ішінде болатын «Ақырап»,«Сірне», «Аю жатқан» амалдары аяқталды. Бірақ «Текенің бұрқағы» бұрқылы амалы әлі жүріп жатыр. Желі, дауылы, ызғары көп бұл амал да біту қарсаңында. Қаңтардағы алғашқы амал «Күннің таласуы» деп аталады. Қыстың каһарлы амалдарының бірі де бірегейі «Қыс шілдесі». Өте қаһарлы, аязды
амал. Бүгін ай тізбегі желтоқсанның 10-ы, григорианша 24-і, қазақы есепке жүгінсек 11-і. Республикалық гәзет № 154 (5373) 24-Желтоқсан, 2020-жыл.
Қазақ тілінде күннің бұзылуын «амал» деп айтпайды. Табиғатта ауарайының бұзылуы ауа ағынының әртүрлі әсерінен (жылы ауа мен суық ауаның алмасуынан) болатын құбылыс. Амал емес. Гәзеттің өзі желтоқсан айында шықса, Қаңтар айының аязды күндері (шала қазақша: Қаһарлы бірегей амалдары) қалай өтіп кетеді. Әлде бір айдың ішінде (шала қазақша: Ай тізбегінде), екі айдың күндері қатар жүре ме? Мұндай шала тілдік сөздердің мағынасына қанша ойласаңыз да, миыңыз жетпейді.
Ескерту: Дәлу (шала қаз-а)-өзбекше: Далв – қазақша: Қаңтар айы.
Екінші жолы өздері өмірден өтіп кеткенімен, аттары тарихта қалған адамдардың еңбектеріндегі дұрыс сөздердің шала қазақ тілінің сөздерімен алмастырылып таратылуы болса, үшінші жолы қазіргі кездегі белгілі
адамдардың тілдеріне бұзылған сөздердің ене бастауына орай, жазған еңбектеріне бұзылған сөздерді өздерінің енгізіп алып таратуы.
(«Тұлпарлар топты жарып шыққан озып!» атты кітапшаны қараңыз. 23-бет) Мектептерде тез оқыту әдісінің енгізілуі де, қазақ тіліне істелген қастандық. Қазақ тіліндегі сөздердің құрылысы қытай, кәріс сияқты
ұлттардың тілдерінің сөздеріндей екі-үш әріптен тұрмайды. Және қазақ тілінің сөздері бір-бірімен жалғаулар арқылы байланысып отырады. Қытай тілінің сөйлемдік сөздері, негізінен түбір сөздер болып келеді. Сондықтан қытай тілінің сөздері өте тез айтылады. Қазақ тілінің сөздеріне қарағанда, өзбек тіліндегі сөздердің айтылуы әлдеқайда жылдамырақ. Мысалы: Үміт (қазақша) - умт (өзбекше), халық-халқ, бақыт-бахт, ол кісі-у киши, мағынасы (мазмұны)-матн, сарымсақ-пиёз, айел-аёл, ассалаумағалейкүмассалом, қалыңыз жақсы ма – қалайсизлар (шала қаз-а: Қалайсындар).

Тез оқыту әдісіне әріптерін, буындарын, сөзаралық сөздерін жоғалтқан (шолақ айтылатын) шала қазақша сөздер ғана көнеді. (Ап, боп, қап, кеп, ашы, сашы, бошы, қа аққа, ми аққа, деп атқан, деп отқан. Дұрысы:
Алып, болып, қалып, келіп, алшы, салшы, болшы, қайда барасың, мына жаққа, солай деп айтқан, солай деп айтып отырған). Қазақ тілінің түсініксіз тілге айналып кетуіне себеп болған жағдайлардың біреуіне,
қазақ тіліне шала қазақ тілінің сөздері мен тез оқыту әдісінің енгізілуі кесірінен, сөздердің буындарына дұрыс екпін түсірудің бұзылуы жатады.
Қазақ тілінің төл сөздерінде екпін соңғы буынға түсетін болса, шала қазақ тілінде алдыңғы буындарға түсе береді. Оның себебі өзбек тілінде солай түседі. Міне, қазақша білім беретін мектептерде оқитын балалардың тілдерінде мүкісі жоқ болса да, тілдерінен сөздердің бұзылып шығуы осыған да байланысты. Ал тілдеріне тез сөйлеу әдісін қалыптастырып алғанымен, қазақша сөздерді бұзбай, сөз соңындағы жалғауларымен толық айтуға тырысатын балалардың тұтығып қалатыны байқалады. Өйткені қазақ тілінің өз ара жалғаулар арқылы байланысатын сөйлемдік сөздері тез сөйлеу әдісіне көнбейді.

(Жалғасы бар)

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар