Алматыда өтіп жатқан тіл мамандарының конференциясына қатысушылар латын негізді әліпбидің жаңа нұсқасын бірауыздан қабылдады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әліпбиді жетілдіру керек деген тапсырмасына орай мамандар латын әліпбиінің бұған дейінгі нұсқасына тағы да 4 таңбаны қосқан.
Мамандардың айтуынша, олардың барлығы кірме дыбыстарға қатысты іске асырылған.
– Бұл жоба өте қарапайым. Орыс тілінде біздің кейбір дыбыстарымыз таңбаланбаған. Өйткені оларда ондай дыбыс болмаған. Мәселен W уе – дыбысымыз. Оны біресе В-мен, бірде У-мен берген. Яғни бірде дауысты, бірде дауыссыз болып келді. Ал бізде W деген дауыссыз дыбыс. Taw, аwa, sawap дегендегі уе-дауыссыз дыбыс, – дейді ол.
Сонымен қатар, ол бұған дейін біз 42 таңбаны пайдаланып жазып келгенімізден қате жазу етімізге сіңіп кеткенін, олардан бірте-бірте арыламыз деген ойын білдірді.
– 28 таңбаға әзірше Ф, В, Ч таңбаларын кіргізіп отырмыз. Оларды алып тастауға ешқандай қиындық жоқ. Қазақ чемпионды – шемпион десе ештеңе өзгере қоймас. Бізде қосарлы таңбалар болмау керек, олар түркі тілдеріне тән емес, – дейді Ерден Қажыбек.
Сөз арасында ол дәстүрлі тәсілдерді пайдалансақ деген ұсыныстары бар екенін айтты.
– Мысалы, опостров, акут дегендердің латын тілдерінде өздерінің қызметтері бар. Ал мына ә-ө, ұ-ү дегендерді білдіретін екі нүкте жоғарыдан қойылады. Оны түріктер, немістер пайдаланады, сондай үйреншікті дәстүрлі тәсілдерді пайдалана отырып, біздің жазғанымызды шетелдіктер де, түркі елдері де оқи алатындай қарапайым, нақты әдісті қолдану керек, – дейді ол.
Оның айтуынша, егер әліпби дұрыс болса, түсіндірме жұмыстары көп уақытты алмайды. Кем дегенде бір айда ел тез үйреніп кететін көрінеді.
BAQ.KZ
Оставить комментарий