Жырақтағы қазақтарға өкілеттіліктерге ие куәліктер беріледі

/image/2019/11/07/crop-22_11_469x625_9lr2fha6c0ecp61f-lg.jpg

Қазақстанда әлемдегі қазақ диаспораларын қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп жатыр. Ол этникалық қазақтарға арнайы куәліктер шығаруды қарастырады. Бұл туралы Омбыдағы Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық форумы аясында өткен бизнес-форумда "Отандастар" қорының бірінші вице-президенті Талғат Адуов айтты, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Диаспораларды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын 2020 жылдың көктеміне қарай аяқтау жоспарлануда. Бағдарлама ел басшылығы деңгейінде таныстырылмақ.

Сонымен қатар 2020 жылдың көктемінде «Отандастар» қоры отандастар форумын өткізуді жоспарлап отыр, онда мемлекеттік бағдарламаның мүмкіндіктері жария етіледі.

"Мемлекеттік бағдарламада жақсы тетіктер бар, мысалы, қазақтың куәлігі. Бұл шетелдегі қандастарымызға Қазақстанда саяси құқықтардан басқа көптеген құқықты біздің елдің азаматтарымен тең жағдайда пайдалануға мүмкіндік беретін құжат", – деді «Отандастар» қорының бірінші вице-президенті.

Қазақстан азаматтарының саяси құқықтарына қоғамдық ұйымдар құру, сайлаулар мен дауыс беруге, бейбіт жиналыстар мен митингілерге қатысу кіреді. «Отандастар» қоры 2017 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен құрылды.

Қордың мақсаты – әлемдегі отандастарға қолдау көрсету, қазақ диаспораларын біріктіру және Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының рөлін күшейту. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи