![](https://baigenews.kz/upload/medialibrary/c0d/whatsapp_image_2019_11_06_at_23_02_33_k4YINMZI9mLkI.jpeg)
![](https://baigenews.kz/upload/medialibrary/1fd/whatsapp_image_2019_11_06_at_23_03_04_SqnH2dSCiFud.jpeg)
Стелла Смиттің өмірбаянында оның азия-америкалық әртіс екені жазылған. Ол америка азаматтары – Либерти мен Лаура Смиттің жалғыз перзенті. Олар оны 2004 жылы 8 айлық кезінде Қарағандыдан асырап алған. Либерти мен Лаура Смит ата-ана атанған күнді өмірлеріндегі ең бақытты сәттеріне балайды екен.
![](https://baigenews.kz/upload/medialibrary/1c9/whatsapp_image_2019_11_06_at_23_03_28_WXtv3pnZtCC.jpeg)
![ап](/image/2019/11/07/110043013600.jpeg)
Стелла бала кезінен модель болып жұмыс істеп келеді. Оның әртістік қабілетін байқаған ата-анасы қыздарын барынша қолдаған. Әртістік шеберлік курсына беріп, перзенттерінің арманын орындауға барын салған.
![](https://baigenews.kz/upload/medialibrary/011/whatsapp_image_2019_11_06_at_23_03_39_mchEq27EhUdl.jpeg)
Оның алғашқы жұмыстарының бірі – "Stevie B’s" атты пиццерияның жарнамасына түсуі. Ол кезде Стелла 8 жаста болатын.
![](https://baigenews.kz/upload/medialibrary/142/whatsapp_image_2019_11_06_at_23_03_17_xVshOfb.jpeg)
Тегі қазақ америкалық бүгінде АҚШ-тағы ойын-сауық индустриясы мен БАҚ саласындағы қызметкерлердің "SAG-AFTRA" атты ірі одағының мүшесі. Paradigm Talent Agency және Cohen Entertainment агенттіктерімен келісім-шарт жасасқан.
Оставить комментарий