Медициналық көмек көрсету сапасы қатаң бақылауда ұсталынады

/image/2019/11/13/crop-116_49_341x454_12-11-19-11.jpg

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Бабақұмаровтың төрағалығымен өткен жиында медициналық ұйымдарда бала өлімін азайту, сондай-ақ қатерлі аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткішін төмендету шаралары талқыланды, деп жазады әкімдіктің ресми сайты.

Жиынға қалалық медициналық ұйымдардың басшылары қатысты. Жиынға қатысушылар Үйлестіру кеңесі барысында айтылған бірқатар мәселелерді қарастырып, қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады.

– Мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламасының барлық маңызды көрсеткіштерін мұқият пысықтау қажет. Тек үйлесімді бірлескен іс-қимыл ғана қойылған барлық міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Барлық басшыларға медициналық көмек көрсету сапасын қатаң бақылауда ұстау қажет, – деді Ержан Бабақұмаров.

Естеріңізге сала кетейік, республикалық штаб отырысының қорытындысы бойынша 29 қазанда Алматыда өткен Кеңесте Президент Қ.-Ж.Тоқаевтың берген тапсырмаларын іске асыру, Алматы денсаулық сақтау жүйесіндегі істердің жағдайын жақсарту, МӘМС тетіктерін енгізуді ескере отырып, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша кешенді іс-қимыл жоспары әзірленді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи