Б. Сағынтаев: Қалалықтардың қауіпсіздігі үшін үнемдеуге болмайды

/image/2019/11/18/crop-112_50_387x516_18-11-19-p1.jpg

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қатысуымен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп жазады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Негізгі міндет – қызмет көрсетудің сервистік үлгісіне басымдық бере отырып, Алматы полициясының жұмысын қайта құру. Учаскелік инспекторлар, патрульдер қала тұрғындары мен қонақтарына олардың мәселелерін шешуге көмектесулері тиіс.

«Қоғамның басты талабы – сапалы және қолжетімді медициналық қызмет, білім мен қоғамдық қауіпсіздік. Біз осыларды қамтамасыз етуге тиіспіз», – деді кеңесті ашқан Бақытжан Сағынтаев.

ІІМ-нің басшысы полицияның жедел басқару орталығын модернизациялау және ЖБО-да видеобақылау жүйесін интеграциялау жоспарлары туралы айтты. Жол оқиғалары ерекше назар аударуды қажет етеді. Жыл басынан бері қарай мегаполисте 4 мыңға жуық ЖКО болған.

«Біз қазіргі кезде халық саны мен автомобиль трафигінің көп болуына қарамастан пәрменді шараларды қолдана отырып, жолдардағы апаттар мен өлім-жітімді күрт азайтқан шетелдің тәжірибесін белсенді түрде үйренудеміз», – деп атап өтті ІІМ-нің басшысы.

Қала әкімдігі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, оның ішінде заманауи мегаполистердің озық тәжірибесін пайдалана отырып, жол инфрақұрылымын қайта құру жөнінде полицияның бастамаларын қолдайтын болады. Бұлар – «вафельді» белгілер, жолақтар бойынша бұрылыстардағы қозғалыстардың нүктелері, қосымша бағдаршамдар және магистральді көшелердегі бөлгіш қоршаулар.

– Адам өмірін ақшамен өлшеуге болмайды. Қаланың көлік инфрақұрылымы қозғалыстың барынша қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық жағдайларды жасауы қажет, – деп атап өтті Б. Сағынтаев әрі қалалық мобилділік басқармасына бұл мәселені полиция департаментімен бірге шешуді тапсырды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи