Алматылық медицина ұйымдарына қомақты қаржы төленді

/image/2019/11/20/crop-21_13_496x661_44c074fc26a1f48af510f1e2137ec33e.jpg

Жыл басынан бері алматылықтарға тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 92,5 млрд теңгеден астам қаражат төленді.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалының дергінше, аталған қаражат мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетіліп жатқан тегін медициналық көмек үшін төленген. Сақтандыру пакеті шеңберінде қызмет көрсету 2020 жылы басталады.

Айта кетсек, Медициналық сақтандыру қоры 2018 жылдан бері мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын кепілдендірілген тегін көмек пакетінің операторы. 2020 жылдан бастап Қор міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін қызметтердің ақысын төлей бастайды.

Жалпы, Алматы қаласында 178 медицина ұйымы медициналық сақтандыру қорымен мемлекеттік тапсырысты орындау жөнінде келісімшарт бекіткен. Оның басым бөлігі – жеке меншік клиникалар. 2019 жылға бекітілген келісімшарттың жалпы сомасы 117,3 млрд теңгені құрап отыр.

Оставить комментарий

Связанные Статьи