Шиелі аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметінің бастығы пара алды деген күдікке ілініп отыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шиелі аудандық полиция бөлімі көші-қон қызметінің басшысы, полиция майорының пара алған сәті видеоға түсіп қалған.
"Ол Өзбекстан Республикасының он бес азаматына көші-қон картасын заңсыз тіркеу және беру үшін жеке кәсіпкерден 75 мың теңге пара алды деген күдікке ілініп отыр", - делінген хабарламада.
Оставить комментарий