Алматы қалалық Білім беру басқармасының басшысы Гүлнар Қожабергенова брифинг барысында балабақшалардағы орын тапшылығы туралы айтты.
– Алматы балабақшаларына 1-6 жас аралығында 45 026 бала кезекте тұр. Оның ішінде 20 637 баланың жасы 3-6 аралығында. 2019 жылы Алматыда – 560 орындық 3 мемлекеттік балабақша, 2618 орындық 113 жекеменшік балабақша ашылды, – деді Гүлнар Қожабергенова.
Бұлардан өзге, қалада 640 орынды 4 мемлекеттік бала бақша және әлеуметтік жауапкершілік аясында Бостандық ауданында 150 орынды бала бақша салынуда.
Оставить комментарий