Елорда тұрғындарына 17 сағат газ берілмеді

/image/2019/11/20/crop-2_22_383x614_gaz.jpg

Редукторы қатып қалған "Ақбота" тұрғын үй кешенінің тұтынушылары 17 сағат газсыз отырды – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды, қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына сілтеме жасап.

Бақылау басқармасының ақпаратына сүйенсек, 19 қараша күні кешкі сағат 20:00-де Республика даңғылындағы 43а мекенжайында орналасқан "Ақбота" тұрғын үй кешенінде газгольдер редукторының қатып қалуына байланысты, тұтынушыларға газ берілмеген.

"Апаттық қызмет пен "АстанаГазҚызмет" ЖШС эксплуатация қызметінің қалпына келтіру жұмыстары және "Нұр-Сұлтан Орталық газбен қамту" орталығының жөндеу жұмыстары арқылы, 20 қарашада сағат 13:25-те тұрғындарға газ берілді", – деп қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

"АстанаГазҚызмет" ЖШС айтуынша, қысқы суықта редуктордың қатып қалуы сынды техникалық жағдайлардың болуы қалыпты.

 

 

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи