Алматы қаласының прокуратурасы есірткіні насихаттау мен жарнамалауға қатысты түсінік берді

/image/2019/11/21/crop-29_2_155x207_img_2824_0.png

Әлеуметтік желілерде «UNION-CHALLENGE» фирмасының есірткі құралдарын насихаттаумен жарнамалық билбордты орналастыру елдің әр түрлі аймақтарында талқылануда.

Есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнама талаптарына сәйкес - есірткі құралдарын насихаттау мен жарнамалауға тыйым салынады.

Осыған байланысты, аталған жарнаманы орналастырған Алматы компаниясы ҚР ӘҚБтК-нің 423-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды, билбордты бөлшектеу жүргізілді.

Алматы қаласының прокуратурасы мұндай бұзушылықтардың кінәлілерге қатысты қатаң шаралар қолдану арқылы, тіпті лицензиядан айырғанға дейін жолын кесетінін ескертеді.

Жалпы есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелері 19 қарашада құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінің отырысында талқыланды.

Заңсыз айналымнан 320 кг астам есірткі тәркіленді және есірткі сату бойынша 200-ден астам интернет-сайт жабылды.

Прокуратура есірткі тарататын ұйымдасқан қылмыстық топтарды, соның ішінде интернет-ресурстары мен оларды жеткізу арналары арқылы анықтау бойынша жұмысты күшейтуді ұсынды.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи