Оңтүстік астана әкімі алматылықтардың таудағы сүйікті орындары үнемі назарда болатынын айтты. Бұл жөнінде Б.Сағынтаев өзінің instagram-дағы парақшасында жазды.
"Алматылықтардың таудағы сүйікті орындары үнемі назарда болғаны абзал.
Бүгін ӘОСК (ЦСКА) тау шаңғысы базасы мен Бутаковка шатқалында болдым. Спорттық шаңғы мектептерін дамытып, жаяу туризмі үшін тау жолдары желісін құруға барлық жағдай бар.
Әзірге қолданыстағы алаңдарды абаттандырудан бастап, тау өзендері арқылы көпір салу, демалыс орындары мен санитарлық алаңдарды ретке келтіру қажет. Бизнес тараптары қолда бар инфрақұрылымды жаңарту үшін атсалысуға дайын.
Мақсат – тауда демалу үшін қолайлы жағдай жасау" деп жазды қала әкімі.
Оставить комментарий