Украина президенті Владимир Зеленский елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен Қазақстанда кездесу өткізу туралы ұсынысына жауап берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Сөз басында Зеленский Назарбаевпен Донбасстағы жағдай туралы сөйлескенін айтты. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа Донбастағы бейбітшілік пен Украинаның аумақтарын қайтару үшін кез-келген кездесулерге дайын екендігін айтты.
Сонымен бірге, Украина Президенті «номадтық» кездесулер форматы ол үшін ең маңызды болып табылатындығын тілге тиек етті.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін Елбасы Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің кездесуін Қазақстанда өткізу туралы бастама көтерген болатын. Назарбаевтың айтуынша, біздің елдің аумағы бейтарап, сондықтан екі ел басшыларының бетпе-бет келіссөздері үшін ең қолайлы.
Оставить комментарий