Алматыда қалалық жастар кеңесіне тіркеу жұмысы басталды

/image/2019/11/21/crop-68_5_307x410_102705704000.jpg
 

2019 жылдың 21 қарашасынан бастап, Алматы қалалық әкімдігі жанынан құрылатын жастар ісі жөніндегі «Кеңеске» жас көшбасшыларды қабылдау жұмыстары басталады. Кеңестің құрамына кіруге қаламыздың 18 бен 35 жас аралығындағы азаматтары мен азаматшалары өтініш бере алады.

Назар аударыңыз!

Біріншіден, Кеңеске өкілдерді іріктеу тек онлайн дауыс беру арқылы жүргізіледі;

Екіншіден, Жастар кеңесіне жастар ұйымдарының өкілдері ғана өзін үміткер ретінде ұсына алады.

Қалалық «Жастар кеңесіне» тек ең көп дауыс жинаған 21 адам ғана қабылданады. Дауыс беру онлайн режімде https://almatyjastary.kz/ сайтында жүріледі. Ол үшін (Тіркелу және қатысу үшін) аталған сайттың «Жастар кеңесі» рубрикасындағы «Тіркелу» бөлімінде өтініш қалдыруыңыз керек.

Кеңес беру және ақылдастар алқасының негізгі мақсаты:

  • Жастар саясатын жүзеге асыру бойынша берілетін нұсқаулықтарды өңдеу;
  • Жастар саясаты бойынша тапсырмалардың тиімділігі туралы сараптама;
  • Жастар саясатына бағытталған басты ұсыныстарды жүзеге асыру;
  • Жастар саясатын жүзеге асыруға қатысты мәселелерді талқылау;
  • Жастар саясатын жүргізу, дамытуға үлес қосу;
  • Жастар мәселелеріне қатысты қоғамдық сауалдарға жауап беру және т.б.

Құрметті, алматылықтар, өз идеяларыңызды жүзеге асырып, ел болашағы жастар саясатына ықпал ету мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар! Барлық талантты, бастамашыл, жастар көшбасшыларына сәттілік тілейміз!

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи